Үкімет шетелге шығарылған қаржыны қайтарумен айналысатын комиссия құрды

Үкімет Қазақстаннан шетелге шығарылған қаржыны қайтарумен айналысатын комиссия құрды


05/04/2022
15:33 35450 0

Үкімет хабарына қарағанда, комиссияда бес жұмыс тобы болады. Олар қаржының шетелге қалай шыққанын, оны елге қайтару  және шектеу шараларын қабылдайды.

 

Шетелге шығарылған қаржының ішінде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев әулетінің қаржысы бар ма, жоқ па әзірге белгісіз. Премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев та, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров та Азаттық радиосы тілшісінің «шетелдегі қаржының ішінде Назарбаев әуелітінің қаржысы бар ма?» деген сауалына мардымды жауап бермеді. Екеуіде «бұны комиссия анықтайды, құқық қорғау органдары зерттейді» деп жауап берді.

 

Ақпанның 8-і күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке шетелге заңсыз шығарылған қаржы мен автивтерді анықтап, елге қайтару мәселесін көтеріп, ұсыныс әзірлеуге екі ай уақыт берген. Бірақ ол шетелде активтері бар адамдардың атын атап, түсін түстемеген. 

 

“Tax Justice network” халықаралық ұйымының мәліметінше,  соңғы 25 жылда Қазақстаннан шетелге 140-160 миллиард доллар шығарылған. Бұл қаржы елдің сыртқы қарызы мен жылдық жалпы ішкі өніміне пара-пар қаржы. 

Поделиться

Нет комментариев.

05/04/2022 15:33
35450 0

Уведомление